I. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б», телефон 8 (7122) 32-42-56 электрондық мекенжайы: atyraustat@bk.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Сауда статистикасы басқармасының басшысы (С-О-3), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру. Сауда статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық жұмыстардың, On-line бағдарламасында, Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасалуын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Басқарманың жұмыс жоспарын жасақтау және орындалуын қамтамасыз ету. Басқармамен дайындалатын статистикалық бюллетеньдердің, жедел-ақпараттардың және өзге де материалдардың уақытылы және сапалы болуын қамтамасыз ету. Сауда статистикасы бойынша әлеуметтік-экономикалық үрдістерге және облыстағы даму тенденциясына талдау жүргізу. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес өткізу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен оқыту жұмыстарын жүргізу. Басқармада сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Тіркелімдер және респонденттермен жұмыс басқармасының басшысы (С-О-3, уақытша, 29.05.2017ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру. Басқарманың жұмыс жоспарын жасақтау және орындалуын қамтамасыз ету. Жұмыс жоспарында қарастырылған статистикалық жұмыстардың On-Iine бағдарламасында өз уақытында және сапалы орындалуын, Е-қызмет, ЭҚАБЖ арқылы жұмыс жасалуын қамтамасыз ету. Статистикалық бағдарламаларды әзірлеу және Статистикалық бизнес тіркелімі, Тұрғын үй қоры тіркелімі, Ауылшаруашылық тіркелімі, Халық тіркелімі бойынша мемлекеттік статистикалық байқауларды бірыңғай және іріктеп зерттеулерді жобалау және уақытылы, әрі сапалы жаңғыртып отыруды қадағалау. «Бір терезе» принципі бойынша статистикалық байқауларды қабылдауды, респонденттерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуді қадағалап отыру. Басқармада сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Басқарманың құжат айналымын қадағалау. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес өткізу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен оқыту жұмыстарын жүргізу.

Іс номенклатурасын жүргізу, БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің және әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Сауда статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында уақытылы және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу, ішкі және сыртқы сауда статистикасы салалары бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау жасауды жүзеге асыру, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыру. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Ішкі және сыртқы сауда статистикасы салалары бойынша статистикалық бюллетеньдерді, жедел-ақпараттарды, статистикалық жинақтар мен өзге де материалдарды уақытылы және сапалы дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен жұмыс істей білу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Қаржы басқармасының бас маманы (С-О-5, уақытша, 2016 жылғы 14 тамызға дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бухгалтерлік есеп және менеджмент жұмыстарының түрлері мен әдістерін меңгеру. Міндетті төлемдер бойынша қаржыландырудың тәптіштелген жоспарының есептерін жүргізуге қатысу, дебиторлық және кредиторлық есеп айырысу бойынша талдау есебін жүргізу. Департаменттің қаржы қызметі, мүліктік жағдайы туралы толық дәйекті ақпараттарды жасақтау. Активтер, құны аз тез тозатын заттар мен өзге де материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Департаменттің активтері мен материалдарын түгендеуге қатысу. Жабдықтаушылармен акт-тексерулер жүргізу. Қызмет көрсетудегі жабдықтаушылардың есебін жүргізу. Материалдық, қаржылық ресурстарды үнемдеп пайдалануды қадағалау. Мемлекеттік және коммерциялық жасырын, құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Жылыой ауданының статистика басқармасының бас маманы (С-О-5, уақытша, 10.03.2018ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген және басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстарды орындау. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету, олардан алғашқы статистикалық деректерді жинау және тексеру, оқыту семинарларын өткізу. Үй шаруашылығын іріктеп зерттеу бойынша сұхбат алушылардың жұмыстарын үйлестіру және қадағалау. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне жүргізілетін нақтылау жұмыстарына қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына талдау жасау. Жергілікті атқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары және респонденттермен жұмыс жасай білу, консультация-лық көмек беру. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары


Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123257

166564

С-О-5


83282

112430
?


bart-r--izbrannie-raboti.html

barter--auction-and.html

barter-final.html

barth-schichtenuntere--.html

bartko-mildred---abbott-.html