I. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ- сі, 100000 Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі, 7 үй, 110 кабинет, анықтама үшін телефон: (7212) 55-94-25 эл.адрес: 721-0202@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

1. Шет ауданының № 2 аудандық сотының кеңсесінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: келіп түскен ұсыныстар, өтініш, шағымдарын тіркеу және есепке алу, олардың қаралу мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот төрағасы қабылдайтын азаматтарды тіркеу және есепке алу; заңнамаларды іріктеу және жүйелеу; сот істерін автоматты түрде бөлу; кодификацияны жүргізу және сот тәжірибесін зерделеуге қатысу; БАҚ өзара байланысты ұйымдастыру; электронды нарядтарды, журналдарды жүргізу; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есептерді жасау; жеке ұйғарулар, қаулыларды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; заттай айғақтарға қатысты сот актілерінің сақталуы мен орындалуын тірке және есепке алу; халықаралық келісімдерге сәйкес республиканың басқа соттар мен шет ел мемлекеттері соттарынан түскен сот тапсырмаларын есебін жүргізу; істердің мұрағатқа уақытында тапсырылуын бақылау; аяқталған істер мен журналдарды мұрағатқа тапсыруға дайындау; құқық білімдерін насихаттауды ұйымдастыру; семинар сабақтарын өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғарғы білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Аудандық (қалалық) соттың кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4, 5 бірлік): Теміртау қалалық сотына -2 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Осакаров аудандық сотына -1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Жезқазған қалалық сотына -1 бірлік; Шет аудандық сотына - 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне).

Функционалды міндеттері: істі сот талқылауына дайындауда қажетті жұмыстарды атқару; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; журналдарды нұсқаулыққа сәйкес толтыру және жүргізу; атқару құжаттарының көшірмесін дайындау; қаулылар мен үкімдердің көшірмелерін тапсыру; сұранымдар мен хаттар дайындау, шақыру қағаздарын жіберу; сотқа қатысушыларды шақыру; сотталушылардың жеткізілуін қамтамасыз ету, жұмысты жоспарлай,талдай білу, мәтіндерге стенографияны сауатты жасау; жеделдік, ұқыптылық, азаматтармен жұмыс істей білу, коммуникабельдік .

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғарғы білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының кеңсесінің аға сот приставы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: сот приставтарының бөлімдерінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау; сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау; сот ғимараттарын,кеңесу бөлмелерін күзетуді қамтамасыз ету; судьялар мен процесске басқа да қатысушыларды күзету; тұтқындағы тұлғаларды күзету мен олардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар бойынша айдауыл қызметіндегілермен өзара әрекеттесу; судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық іс пен заттай айғақтарды жеткізуін және оның сақталуын қамтамасыз ету; оқ атылатын, электр қаруларын, арнаулы құралдармен және ұрыс тәсілдерін білу; жұмысты жоспарлай, талдай білу, дене шынықтыру бойынша арнаулы сабақтар өткізе білу; азаматтармен жұмыс істей білу; сот приставтарының әрекеттеріне түскен шағымдарды шеше білу; соттың қызметімен байланысты төтенше жағдайларды болдырмау және болжай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғарғы білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4


73288

99105
?


baryadyanyabilirsinizsyan.html

barzha--725---igor.html

bas-bankt-kmnd-zhne-mtsz-2.html

bas-dispetcher--.html

bas-maman----z-amirkanova.html